Редакция таңдауы

Коронавирустық инфекциядан сақ болайық!

Коронавирустық инфекция (COVID-19) – коронавирус қоздырғышымен қоздырылатын ауыр вирустық респираторлық инфекция. Вирус науқас адамның жөтелу немесе түшкіру кезінде, сондай-ақ көзге, мұрынға немесе ауызға енген кезде ағзаға таралады. Сырқат жеңіл және ауыр түрде  өтуі мүмкін (асқынулары: вирустық пневмония, жіті респираторлық дистресстік синдром).

Инфекция көзі – аурудың клиникалық көріністері бар науқастар және аурудың жасырын түрлері мен ауру белгілері жоқ вирус тасымалдаушылары болып табылады. Аурудың алғашқы күндері жұғу қауіптілігі өте жоғары.

Коронавирустық инфекцияның   инкубациялық кезеңі 10 күнге, көбінесе 14 күнге дейін созылады. Бастапқы кезде ауру тыныс алу ауруының белгілеріне ұқсас болуы мүмкін: жиі түшкіру, қатты бас ауруы, дене қызуы көтерілуі, бұлшық ет әлсіздігі, қалтырау.

Ауыр клиникалық түрі науқастың жағдайының тез нашарлауымен, дене қызуының жоғарылауымен бірге жүреді, жөтел күшейеді, тыныс алу жеткіліксіздігі болуы мүмкін.

Эпидемиологиялық кезеңге байланысты тұмаудың, жіті жедел вирустық инфекциялардың белгілері бар науқастардан короновирустық инфекцияға зертханалық тексеруге сынамалар алынады.

Вирустың белгілері басқа респираторлық аурулардың белгілеріне ұқсас, сондықтан оны зертханалық тексеру нәтижесінде ғана диагноз қойылады.

Емдеу шаралары ауру белгілеріне сәйкес тағайындалады, сондай-ақ вирусқа қарсы препараттарды және кортикостероидтарды қабылдауды қамтиды. Ауыр жағдайларда дәрігерлер өкпені жасанды желдетуге арналған аппараттарға қосады.

Коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары:

Жеке гигиена ережелерін сақтау қажет: қолды сабынмен жиі жуу, қолды дезинфекциялық құралдармен өңдеу;

Жөтел, жоғары дене қызуы және тыныс алу мүшелері ауруларының басқа ауру белгілері бар адамдардан аулақ жүру;

Жөтелгенде немесе түшкіргенде аузыңызды және мұрныңызды шынтағыңыздың бүкпесімен немесе орамалмен жабу;

Адам көп жиналатын қоғамдық орындарға, жиындарға барудан шектену;

Үйдің терезесін жиі ашып, ауаны тазартып тұру;

Дене қызуы көтерілгенде, жөтелгенде және тыныс алу қиындағанда тез арада медициналық жәрдемге жүгіну.

Иммунитетіңізді нығайту үшін салауатты өмір салтын ұстанып, ақуыздарға, дәрумендерге және минералды заттарға бай тағамдарды тұтынған дұрыс.

Ауырып, ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!

А. Тұрымбетова — Шымкент қаласының
СЭБД басшы орынбасары

Соңғы жаңалықтар