Редакция таңдауы

Стоматологиялық асқыныулардың алдын алу

Денсаулық сақтау ұйымының көптеген зерттеулеріне сәйкес, стоматологиялық көмек көрсету кезінде, стоматологиялық асқынулардың алдын-алу бұл, тіс дәрігерлерінің адамдарға әртүрлі инфекцияларды жұқтырудың алдын-алуға үлкен маңызы зор.

Ауыз қуысы — ең көп микробтар және бактериялардың жиналатын орын. Стоматологиялық көмек көрсету кезінде сілекейде, қандай да болатын микроорганизмдер дамып, тікелей немесе жанама жолдар арқылы: ауа, медициналық құралдар мен материалдар, медициналық қызметкерлердің қолдары және т. б. ауруханаішілік инфекциясының пайда болуына ықпал етуі мүмкін.

Сол себепті, стоматологиялық асқынулардың алдын-алу шаралары жан-жақты болуы керек.

Соның ішінде асептика және антисептика, дезинфекция және зарарсыздандыру сияқты шараларға ерекше көңіл бөлінуі қажет.

Әр бір стоматологиялық клиникада құралдарды өңдеу және зарарсыздандыру жүйесі қалыптасқан және асептика мен антисептика ережелері сақталуы тиіс. Бұл талаптардың қатаң сақталуын бақылау ішкі бақылау жүргізумен реттеледі. Ауыз қуысында қолданылатын құрал-саймандар, медициналық бұйымдар бір реттік болуы керек. Ал, көп қолданылатын құралдар (металл) инфекцияның алдын алатын  үш кезеңінен тұратын өңдеуден өткізілуі тиіс.

Клиникаларда санитариялық қауіпсіздік, инфекцияның таралуын болдырмауға келесі бағытталған іс-шараларды күшейту қажет:

— науқастарды қатаң түрде белгіленген уақытта жазу бойынша қабылдау;

— әр пациенттен кейін тіс дәрігерінің кабинетін өңдеу: барлық жерлерді, есік тұтқалары, т.б.;

-стерильді құралдарды, материалдар мен препараттарды пайдалану;

— ауаны тазарту: заманауи желдету жүйесі, бөлмелердегі ауаны кварцпен залалсыздандыру;

— бір рет қолданылатын стерильді маскалар, қолғаптар, персоналға арналған очки немесе көзілдіріктерді пайдалану;

— келушілерге, қызметкерлерге арналған қолды өңдеуге арналған санитайзерлер, маскалар, бір реттік бахилалармен жеткілікті қамтамасыз ету;

— кабинет есігінде ақпараттық тақтайшалардың болуы. Қолданылатын құралдарды көрсете отырып, кабинетті кварцтау мен дезинфекциялау кестесі болуы тиіс.

Стоматологиялық клиникаға барған кезде осы аталған санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына назар аударып, өз денсаулығыңызды сақтағаныңыз жөн.

А. Тұрымбетова — Шымкент қ.
СЭБД басшы орынбасары

Соңғы жаңалықтар