Биыл Шымкент қаласында 770 жұмыссыз азаматты қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспарланып отыр. Бастама ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына сәйкес жүзеге асырылып отыр.

Бағдарлама аясында 610 азамат білім беру ұйымдарында оқыса, тағы 160-ы жұмыс берушілердің базасында даярлықтан өтеді. Оқу барысында тыңдаушыларға шәкіртақы төленеді. Білім беру ұйымдарында оқыған азаматтарға – 43 574 теңге, ал жұмыс орындарында білім алғандарға 78 640 теңге көлемінде шәкіртақы белгіленген.
Қазіргі нарықта сұранысқа ие стилист-шаштараз, визажист, бухгалтер-кассир, аспаз, кондитер, тәрбиеші көмекшісі, тігінші-пішуші, автомеханик, слесарь-сантехник, электрогазбен дәнекерлеуші, электрик, киім дизайнері, кестелеуші сынды мамандықтарға машықтануға мүмкіндік бар.
Жаңа кәсіп меңгергісі келетіндер тіркелген аудандық мансап орталығына барып, «жұмыссыз» мәртебесін алуы қажет. Мәртебесі бар азаматтар оқуға өтінім тапсыра алады.
Аудандық мансап орталықтарының мекенжайлары:
Абай ауданы – Арғынбеков көшесі, 243/3;
Еңбекші ауданы – Астана шағынауданы, 106;
Әл-Фараби ауданы – Байтұрсынов көшесі, 201;
Қаратау ауданы – Бәйтереков көшесі, 89;
Тұран ауданы – Қазыбек би көшесі, 50.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
