Редакция таңдауы

АНТЫНА АДАЛ ҰЛАНДАР ЗАПАСҚА ШЫҚТЫ

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6698 әскери бөлімінде белгіленген қызмет мерзімін өтеген сарбаздардың запасқа шығарылуына орай салтанатты іс-шара өтті. Жиынға әскери бөлімнің басшылығы, ардагерлер, сондай-ақ, сарбаздардың туыстары мен жақындары қатысты.

2023 жылғы қысқы шақырылымның 150 сарбазы запасқа шығарылды. Жиын барысында қызмет өткеру кезінде ерекше құлшыныспен және жауынгерлік даярлықтағы жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленген 45 сарбазға тегін негізде жоғары оқу орнына түскені туралы сертификаттар табыс етілді. Бұл жоба азаматтарды мерзімді әскери қызметке ынталандыру және армияның беделін арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар әскери қызметшілер ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас Қолбасшысы, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, 6698 әскери бөлімі командирінің Алғыс хатымен марапатталды.
Іс-шара барысында бөлім командирі, подполковник Нұрлан Сакибеков әскери борышын өтеу абыройлы іс екенін атап өтіп, запасқа шығарылған сарбаздардың алдағы қадамдарына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, аталған бөлімшенің әскери қызметшілері Шымкент қаласында және Түркістан облысында орналасқан түзету мекемелерін күзету бойынша қызмет атқаруда.

Тағабай ҚАСЫМОВ

Соңғы жаңалықтар