Редакция таңдауы

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ДӘСТҮРЛІ ТУРНИР ӨТТІ

Шаһарда ҚР еңбек сіңірген спортшысы О.Сакиркинді еске алуға арналған жеңіл атлетикадан жастар арасында республикалық турнир өтті. Жеңіл атлетика спорт кешенінде өткізілген жарыста еліміздің барлық аймағынан, жалпы 250 спортшы бақ сынады.

Жарыс 25-26 желтоқсан аралығына жоспарланған. Республикалық турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде №2 Жеңіл атлетикадан ОРМБЖ спорт мектебінің директоры Сәулет Байтенов О.Сакиркиннің алғашқы жаттықтырушысы Михаил Ганнотаға құрмет көрсетіп, шапан жапты.
Азия ойындарының екі дүркін чемпионы О.Сакиркин жеңіл атлетика спортының дамуына елеулі үлес қоса білді. Дәстүрлі турнирде қаншама дарынды жастар өз әлеуетін танытып келеді.
2007-2008 жылы туған жастар арасында сайыстың үздіктері анықталды.

Т.ҚАСЫМОВ

Соңғы жаңалықтар