Редакция таңдауы

Балақайларға қуаныш сыйлады

Еңбекші ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қош келдің, Жаңа Жыл!» атты жаңажылдық мереке мен аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған қайырымдылық іс-шарасы өтті.

“Фиркан сити” сауда орталығы мен “Автонур Максимум” ЖШС-нің демеушілігімен «Funky Town» ойын-сауық орталығында өткен мерекелік жиында аудандағы аз қамтылған, көп балалы отбасылардың озат және зерек балалары қуанышқа кенелді.
Іс шарада аудан әкімі
Досбол Күздікбайұлы, қалалық мәслихат депутаты Бәйкен Әшірбайұлы, “Автонур Максимум” ЖШС-нің бас директоры Темірхан Талғатұлы және “Фиркан сити” сауда орталығының өкілі Мұхтар Абдукахарұлы балаларды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін айтты.
Жас бүлдіршіндер әр түрлі айналмалы торлар, лабиринттер мен батуттарда ойындар ойнап, балалақ шақтың бір сәтін көңілді өткізді.
Іс-шара соңында балаларға жаңа жылдық сыйлықтар берілді.

Тағабай ҚАСЫМОВ

Соңғы жаңалықтар