Редакция таңдауы

Ұсақ малдағы желінсау ауруы — қауіпті дерт

Қойлардың желінсау ауруы жедел түрде өтетін, желінінің іріп-шіруімен, мал жағдайының нашарлауымен білінетін кесел. Қоздырушысы-зардапты стафилококк (стафилококкус ауреус овинус) деп аталатын микробтар.Төзімділігі: қора ішінде 85 кунге дейін, қора сыртында 70 күнге дейін, топырақта 90 күнге дейін, қида 100 күнге дейін, суда 30 күнге дейін күшін сақтайтын келте, сәл  имек, жылжымайтын таяқша. Бұл таяқшалар ауа бар жерде өсіп-өнеді.1%-дық формальдегид, 2%-дық креолин, 0,5%-дық активті хлорлы әк ерітінділері микробтарды 5-20 минутта залалсыз-дандырады. Ал 75-градус қыздырғанда 25 минутта, ал қайнатылғанда сол заматта күшін жояды.

Бұл аурумен қой, ешкілер ауырады. Ауру тарату көздері ауру малдар және 8-10 айға дейін сыртқы ортаға бактерия бөлетін ауырып жазылған малдар.Ауру көбінесе, желіннің сүт шығатын үрпі жолы арқылы жұғады. Көп ретте қозы емген кезде тістелеп, емшек ұшын жаралауы аурудың жұғуына жол ашуы мүмкін.

Белгілері: ауруды жұқтырғаннан бастап жасырын кезең бірнеше сағаттан екі күнге дейін. Ауру жедел, баяулау, созылмалы түрде өтеді. Жедел түрінде малдың жағдайы нашарлап, көрінетін мүшелерінің кілегей қабаттары (ауыз қуысы, көз, мұрын іші) қызарады. Тамыр соғуы мен тынысы жилейді. Қойлар жайылмай бүкшиіп тұрады. Желіннің ауырған бөлігі (кейде екі жағы да) қызарып кетеді, күлтілдеп іседі, әрі ыстық болады.Ұстағанда мал ауырсынады. Ісіңкілік кең  етек алып бауырына, одан арткы актарына карай етіп кетеді. Ісік жайылан жерлердін ыстыгы кетерілмейді, бірак тусі кекшіл тартады. Кеп замай іріп-шіру анымы (гангренозный распад) басталады. Желінінін ауырган белігі катаяды. Іріп жарылан жарадан кан аралас кою ірінді суйыктык агады. Аурудын баяулау турімен ауырган койлардын ыстыы кетеріледі.Жи жатады, мхрнынан кеп схиыктык агады. Шелдей береді. Іші етіп, кездері іріндейді. Ісік ауманындары жун кылшыктары онай жхлынып кете береді. Кой желінінен сут шыкпай калады да желіні кішірейеді.Сондай-ак талтандап журетін болады. Сегізінші куні журу калыпка келгенімен желіннін ауырган белігі ісінкі, ыстык болады, устап кергенде ауырсынады. Желін крылымынын іріндеу агымы басталады. Ауру енесінін сутін емген козылар екпе кабынуы ауруына шалды ып, кызуы кетеріледі, іші етеді, жетеледі, мурнынан ірінді схиык агады.

Емдеу жолдары: антибиотиктер мен (пенициллин, стрептомицин,бициллин т.б.) жане сульфаниламидті дерілермен емдейді (норсуль-фазол). Дарілер калын еттен де жане желіннін трпі тесігі аркылы да жібері-леді. Сондай-ак емдеуге бактерияларга карсы тунбалар — (бактерио-цидные эмульсии) «мастицид», «мастицан» О,Б,Е деген дерілер пайда-ланылады. Іріп-шіру агымын хирургиялык тасілмен емдейді.Туган койларды жиі-жи керіп, ауру белгісі бар саулыктар болса козыларын ажыратып тез емді бастау керек. Желінсау ауруы басталган замат емдесе тез жазылады. Ал туган койлардын тратын орнын таза устау кажет.

Г.ҚАЛЫБАЙ, ОҚҒЗВС-ның кіші ғылыми қызметкері
Қ.ӘБДІМӘЛІК,ОҚҒЗВС-ның кіші ғылыми қызметкері
Қ.ТҮЙМЕБАЕВА, ОҚҒЗВС-ның аға зертханашысы

Соңғы жаңалықтар