Редакция таңдауы

«МАРХАБАТ» ЖУРНАЛЫ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Шымкент қаласының төріндегі Әл-Фараби кітапханасында Мархабат Байғұттың туғанына 80 жыл толуына орай «Мархабат» журналы мен markhabat.kz порталының таныстырылымы өтті. Айтулы іс-шараға Шымкент қаласы мен көршілес Түркістан облысындағы зиялы қауым мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Әдеби журналдың таныстырылымын Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, белгілі журналист Ғалымжан Елшібай ашып берді. Одан әрі қарай журналдың бас редакторы Оралхан Дәуіт басылымның негізгі мақсатына тоқталып өтті.

– Бұл басылым – Мархабат Байғұттың өзі атсалысып шығарған «Тұран – Түркістан» журналының заңды жалғасы. Журнал оқырман қауымға өмірді жаңа қырынан танытып, оның эстетикалық талғамын биіктетіп, таным-түсінігін кеңейту және ұлт әдебиеті мен мәдениетін дамыту жолында қызмет етеді, — дейді О.Дәуіт
Танымал жазушы Н.Бегалы мен жазушының жұбайы Қыздаркүл апай да өз естеліктерімен бөлісті.
– Шымкент өңірінде рухани өмірге тың серпін беретін жаңа басылым дүниеге келді. «Мархабат» журналы – қазақтың мәдениеті мен құндылықтарын дәріптейтін ерекше жоба. Журналдың басты мақсаты – ұлттық салт-дәстүрді, рухани мұраларымызды насихаттау және оқырманға мейірім мен ізгілік жолын көрсету. Тіпті, журналдың «Мархабат» деген атауының өзі мейірім мен махаббатты, ізгілік пен құрметті білдіреді. Бұл атау Шымкент өңірінің қонақжайлығы мен адамгершілік қасиеттерін бейнелейді. Журнал болашақта барша қазақ еліне ортақ рухани қазына ретінде әр оқырманға мейірім, сүйіспеншілік және өмірге деген жаңа көзқарас сыйлайтынына сенімдіміз, – деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов сөз сөйлеп, іс-шараның мазмұнын байыта түсті.

Атанбек НАУРЫЗ

Соңғы жаңалықтар