Редакция таңдауы

ҮЗДІК ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

6506 әскери бөлімінде үздік офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге құрмет көрсетілді.


Іс-шара әскери бөлім клубында өтті. Қызмет барысында жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік әскери қызметшілер 2024 жылдың екінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша айқындалды. Бригада командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Бауыржан Шораев атап өткендей, мұндай іс-шаралар әскери қызметшілерді патриоттық тәрбиелеу және жауынгерлік рухты көтеру мақсатында өткізіледі.
— «Бізде құрмет кештері үнемі өткізіліп тұрады. Ай сайын және тоқсан сайын бөлімшелерде жауынгерлік қызметтің үздіктері анықталады. Ал, жартыжылдықтың қорытындысы бойынша үздіктер бөлім ауқымында құрметтеледі. Біздің әскери қызметшілеріміз әрқашан азаматтардың қауіпсіздігін қорғауда, олардың өмірін сақтап қалу, қылмыскерлерді ұстау кезінде жанқиярлық, батылдық пен табандылық танытатынын атап өткім келеді. Сондықтан оларды марапаттай отырып, біз ең жақсы жауынгерлеріміздің барлық әскери қызметшілерге үлгі болғанын қалаймыз», — деді ол.
Жарты жыл ішінде үздік болып кинологиялық қызметтің бастығы подполковник Бақыт Найзабеков, артиллериялық-зениттік дивизионы зенит батареясының командирі аға лейтенант Қалмахан Сұлтанов және 4 жедел мақсаттағы батальонының бөлімше командирі қатардағы жауынгер Раулан Өтебаев атанды.
Әскери қызметшілер грамотамен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің әйелдері де назардан тыс қалмады.
Іс-шара әскери бөлімнің шығармашылық ұжымы ұйымдастырған концертпен аяқталды.

ҚР ҰҰ «Оңтүстік» өңірлік
қолбасшылығының баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар