Қала тұрғындарының «Отбасы банктің» «Жасыл несие» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға мүмкіндігі бар. «Отбасы банк» АҚ-ның Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев пен «Pioneer Group» ЖШС құрылтайшысы Шыңғыс Сейіткәрімұлы ынтымақтастық келісімшартына қол қойды.
Шаһарда Отбасы банк тарапынан «Қамқор» бағдарламасы іске қосылған. Аталған бағдарлама Шымкент қаласында іске асырылуда. Отбасы банк ендігі ретте «Жасыл несие», «Наурыз», «Қамқор» бағдарламалары бойынша қаладағы белгілі құрылыс компаниясының «Pioneer city» тұрғын үй кешенін ұсынып отыр. Құрылыс компаниясының үйлері қалада инфрақұрылымы дамыған аудандарда орналасқан. Дәурен Мұратұлы тұрғындарды осы бағдарламаға қатысуға шақырды.
Қазіргі таңда қалада құрылыс компанияларының түрлі бағдарламалары іске қосылуда. Қала тұрғындары «Қамқор» бағдарламасы бойынша 6 пайыз, «Наурыз» бағдарламасы бойынша 9 пайыз жеңілдетілген несиемен баспана ала алады. Жақын арада тұрғындарға «Жасыл несие» бағдарламасы ұсынылмақ.
Айта кетсек, «Pioneer city» тұрғын үй кешені 9 қабатты, комфорт + санатында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй кешені.
Тағабай ҚАСЫМОВ