Биыл кептелісті азайту мақсатында бағдаршамдарға интеллектуалды көлік жүйесі (ITS) енгізілді. Жүйе арқылы жолдар мен қиылыстарға орнатылған сенсор арқылы көлік ағыны туралы ақпарат жиналады.
Арнайы жүйе көлік ағынына байланысты бағдаршамдағы қызыл мен жасыл түстердің уақытын автоматты түрде өзгертіп отырады. Сенсорлы құрылғылар:
— микротолқынды — жолдағы кептеліс пен көлік ағымын нақты уақытта анықтайды;
— инфрақызыл жылу сенсорлары — баннерлер мен ағаштарға қарамастан, көлік қозғалысын есептеп, бақылау мүмкіндігін береді;
— радолокациялық — Темірлан тас жолы, Қонаев даңғылы сияқты магистрал көшелердің толық енін қамти алады.
Жүйенің енгізілуі нәтижесінде қаладағы 246 қиылысты интеллектуалды басқаруға, көлік қозғалысын автоматты түрде тәулік бойы бақылауға болады. Жол-көлік оқиғалары мен төтенше жағдайларға жылдам әрекет ету қауіпсіздік деңгейін арттырып, кептелісті азайтады. Бүгінде жаңа жүйе қаланың барлық бағдаршам орналасқан қиылыстарының 71 пайызын қамтыды.
Айта кетейік, бұл жүйе ыңғайлы және қауіпсіз көлік қозғалысын қамтамасыз етіп, кептеліс пен апаттың алдын алуға, қала тұрғындары үшін заманауи, жайлы инфрақұрылым желісін қалыптастыруға сеп болмақ.
«ШК»-ақпарат