Редакция таңдауы

«Соллаль» – КОРЕЙ МӘДЕНИЕТІН ПАШ ЕТЕТІН МЕРЕКЕ

Шымкент қаласындағы жергілікті корей этномәдени бірлестігінің белсенділері «Соллаль» мерекесін сән-салтанатпен атап өтті.

Қалалық корей этномәдени бірлестігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған дәстүрлі іс-шараға корей этносының өкілдері мен қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Әйгерім Жұмағұлова арнайы қатысты.

Басқарма басшысы корей этносы өкілдерін ай күнтізбесі бойынша келген жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Корей этносы өкілдері еліміздің дамуына өз үлесін қосып келеді. Шымкентте корей этномәдени бірлестігі белсенді жұмыс істейді.

Аталған мерекелік іс-шараға қаладағы бірқатар этномәдени бірлестіктердің жастары жұмылдырылып, өзара татулық пен бірлік құндылықтарын дәріптейтін мейрамның жоғары деңгейде өтуіне атсалысты.

Көркем өнерпаздар мен арнайы шақырылған қонақтар қазақ, корей композиторларының шығармаларын орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Т.ДҮЙСЕНБЕКҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар