Редакция таңдауы

Балаңыз түнде бейсауыт жүрмесін

Қала аумағында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдардың қызметкерлері түнгі рейдтік іс-шарасын өткізді. Кезекті іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің ювеналды бөлімшесінің қызметкерлері, бес аудан әкімдіктері және қалалық Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.

Қалалық Жастар ресурстық орталығы және Шымкент қаласы Полиция департаменті бірлесе өткізген түнгі рейд кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын-алуды мақсат еткен. Яғни, кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі беймезгіл уақыттарда заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын орталықтарында жүруі бойынша тексеру, жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың және құқық бұзушылықтың алдын алуды көздейді.

Бес аудан бойынша жүргізілген жедел профилактикалық іс-шара барысында заңды өкілінсіз түнгі уақытта жүрген оқушылар мен кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер анықталып, олардың заңды өкіліне әкімшілік хаттамалар толтырылды. Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары
Ғабитжан Жандарбек шаһарда құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өтіп жатқанын және бұдан кейін де жалғасын табатынын атап өтті.

Тағабай ҚАСЫМОВ

Соңғы жаңалықтар