Редакция таңдауы

Цифрландыру – уақыт талабы

Әділет министрлігі әділет органдарының негізгі функцияларын автоматтандыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауда. Өздеріңіз білетіндей, коммерциялық ұйымдарды электрондық форматта ұсыну арқылы оларды құру мен таратуды тіркеу рәсімі 10 жылдан астам уақыт бойы жеңілдетіліп келеді.

Өткен жылдан бастап тіркеуге коммерциялық емес ұйымдарға да құжаттарды электронды форматта беру жүзеге асырылды.
2015 жылдан бастап жылжымайтын мүлік желісі бойынша барлық нотариаттық мәмілелерді мемлекеттік тіркеу электрондық форматқа ауыстырылды, сатып алушыға құжаттарды тапсыру үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ.
Мемлекеттік қызметтер электрондық нысанда «электрондық үкімет» веб-порталы, сондай-ақ, өзге де ақпараттандыру объектілері («eGov mobile» мобильдік қосымшасы, екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары және т. б.) арқылы ұсынылатынын атап өтеміз.
Бұл ретте бір мәселе — іске асырылған электрондық қызметтердің болуы, басқа мәселе – олардың қызметтерді тұтынушылар арасында танымалдығы, яғни халықтың және бизнес субъектілерінің электрондық қызметтерді алудағы белсенділігі.
Электрондық қызметтерді тұтынушылар санының тұрақты өсуі оларды алу кезінде қолданылатын елеулі артықшылықтармен байланысты.
Онлайн режимдегі электрондық қызметтерді кеңседен немесе пәтерден шықпай-ақ, тәуліктің кез келген ыңғайлы уақытында алуға болады; оларды алу жылдамдығы, кезекте тұрусыз; электрондық өтінішті толтыру кезінде дәлсіздікті жедел және дербес түзету және т. б.
Мысалы, ең танымал қызметтердің бірі коммерциялық ұйымдарды онлайн форматта тіркеу болып табылады, оның үлес салмағы осы саладағы мемлекеттік қызметтердің жалпы статистикасында 80% — дан асады.
Сонымен қатар, соңғы жылдары Әділет Министрлігі әділет саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған жаңа жобаларды іске асырды.
2023 жылдан бастап сенімхат беру, ерлі-зайыптылардың келісімін беру және консультациялар сияқты нотариаттық қызметтер онлайн форматқа ауыстырылды. Қазақстан
Республикасының азаматтары бұл қызметтерді eGov Mobile мобильдік қосымшасы арқылы нотариусқа бармай-ақ, онлайн-форматта ала алады.
Сондай – ақ, процестің ашықтығын қамтамасыз ету, субъективті факторды болдырмау және кәсіптерге-нотариусқа, адвокатқа және жеке сот орындаушысына қолжетімділікті арттыру мақсатында 2023 жылғы желтоқсаннан бастап аумақтық әділет органдарында ауызша комиссиялық сұхбаттасудың орнына оларды автоматтандырылған режимде аттестаттау жөніндегі пилоттық жоба іске асырылды.
Мәселен, Шымкент қаласы бойынша пилоттық жоба іске асырылған сәттен бастап аттестаттауға 580 үміткер жіберілді, оның ішінде 121 үміткер оң аттестатталды.
Айта кету керек, Digital Justice аясында атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру жобасы іске асырылуда.
Бұрын қарызды уақтылы өтемеген азаматтар жеке сот орындаушысына айыппұл сомасының 25%-төлейтін. Енді жаңа «Цифрлық сот орындаушысы» жобасы аясында атқарушылық құжаттарды орындау бойынша іс жүргізу әрекеттерін робот орындайды.
Жеңілдетілген істі қозғағаннан кейін азаматтар смс және push — хабарламалар алады, ол хабарламалар ЖСО-ға бармай-ақ онлайн-форматта төлей алатын қарыз сомасы туралы егжей-тегжейлі хабарлайды.
Қазіргі уақытта Әділет министрлігі жасанды интеллектті енгізу шеңберінде азаматтарға заң мәселелері бойынша кеңес беру мақсатында чат-бот әзірледі, бұл азаматтарға заңгерлерге жүгінбей сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді. Мобильді қосымшаны іске қосу ағымдағы жылдың осы тоқсанында жоспарланып отыр.
Баяндалғанды қорытындылай келе, заңнаманы жетілдіру және әділет органдары көрсететін қызметтерді автоматтандыру жөніндегі жұмыс басым міндеттердің бірі болып табылады және тұрақты бақылауда ұсталады.

Р.ДОСАНОВА, Шымкент қаласы
Әділет департаменті басшысының орынбасары

Соңғы жаңалықтар