Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі — БЖЗҚ) 2025 жылғы 13 наурыз күні «БЖЗҚ-дан қандай төлем түрлері беріледі? Болашақ зейнетақыңызды қалай есептеуге болады?» тақырыбына Ашық есік күнін өткізеді.
Зейнетақы төлемдері — бұл зейнетақы жарналарын аудару мен азаматтардың көп жылдық еңбегінің нәтижесі. Қазіргі кезде отандастарымызды зейнетақымен қамсыздандыру екі көзден жүзеге асырылады. Бірі — мемлекеттік бюджеттен жасалатын төлемдер (базалық және ортақ зейнетақы), екіншісі — Қордан жұмыскердің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен төленетін зейнетақы төлемдері және белгілі бір жағдайларда — қауіпті және зиянды өндіріс саласында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), 1975 жылы және одан кейін туған жұмыскерлердің пайдасына аударылатын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ), сондай-ақ азаматтардың ерікті зейнетақы жинақтары (ЕЗЖ).
Зейнетақы қоры ұйымдастырған Ашық есік күні аясындағы онлайн-кездесуде әңгіме БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері төңірегінде өрбімек. Онда Қор мамандары зейнет жасына толуға байланысты, егер бірінші және екінші топ мүгедектігі мерзімсіз уақытқа белгіленсе, МЗЖ салымшысы болып есептелетін, пайдасына МКЗЖ, ЕЗЖ аударылған тұлғаның қайтыс болуы, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету, 55 жасқа толған, олар үшін зейнетақы төлемін алуға өтініш берген кезде жиынтығында кемінде 84 ай МКЗЖ төленген, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтарына берілетін төлем түрлері туралы егжей-тегжейлі баяндап береді. Сондай-ақ зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу қалай жүргізілетіні, біржолғы және ай сайынғы төлемдерді алу тәртібі қандай, зейнетке шығу үшін қандай талаптар бар және оның мөлшеріне әсер ететін факторлар, жинақтаушы жүйеде қалыптастырылған зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер алудың қандай тәсілдері бар, зейнетақы жинақтарының жеке жоспарын қалай жасауға болатыны және т.б. мәселелер туралы түсіндірілетін болады. Салымшының бүгінгі жалақысының қаншалықты бөлігін зейнетақы түрінде алатынын айқындайтын «кірісті алмастыру коэффициенті» ұғымына ерекше назар аударылатын болады.
Іс-шара барысында БЖЗҚ қызметкерлері тәжірибеде болған мысалдарды қолжетімді және түсінікті түрде пайдалана отырып, төлем механизмін түсіндіреді, қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, кеңестерін айтады.
Онлайн кездесуге барлық ниет білдірушілерді, сондай-ақ БАҚ өкілдерін шақырамыз. Алынған ақпарат журналистерге зейнетақы төлемдері тақырыбын жете түсіну және қарапайым халыққа тарату үшін тиімді болса, кездесудің басқа қатысушыларына өмірлік маңызды мәселеде пайдалы болады деп үміттенеміз.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 2025 жылғы 13 наурыз күні сағат 10-00 нан 17-00 дейін онлайн форматта 3 сессиядан өтеді:
1 сессиясы сағат 10-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 09-30);
2 сессиясы сағат 12-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 11-30);
3 сессиясы сағат 15-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 14-30).
Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы:
1 сессия — https://enpf.webex.com/weblink/register/ra0d9283f1da062da9ec422cde9cdc2e2 сілтемесімен өту керек.
2 сессия- https://enpf.webex.com/weblink/register/r1012418e5722fb4913f587b20571cb82 сілтемесімен өту керек.
3 сессия- https://enpf.webex.com/weblink/register/rf333d05ee1de7251ad43f7c9018eb0d8 сілтемесімен өту керек.