«БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер — Инвестициялық қызмет» бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі — ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі — ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ҚР ҰБ мен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 22 614,90 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі — МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі — МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі — ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 22 282,04 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 269,10 млрд теңге.
ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 63,76 млрд теңге.
ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
Ұлттық Банк, БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.
2025 жылғы 1 ақпанға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,40%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,81%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 4,29%, ҚРҰБ депозиттері — 3,58%, МҚҰ — 1,28%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,72%.
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 60,23%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 39,76%.
Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен «кері РЕПО» операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 139,91 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтер бойынша бағалы қағаздарды, шетел валютасын нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. Басқа кірістер — 0,53 млрд теңге.
2025 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,66%, ал инфляция деңгейі 8,90% көрсетті.
2025 жылғы 1 ақпандағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 78,48%, РЕПО операциялары – 14,30%, ҚРҰБ депозиттері – 7,22%.
ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады.
2025 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,62% болды.
Зейнетақы жинақтары, ең алдымен, еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі төлемдерді қамтамасыз етуге арналған ұзақ мерзімді инвестициялар екенін түсіну маңызды. Инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Қысқа мерзімді деректер (апталық, айлық және т.б.) көрсеткіш бола алмайды, өйткені олар нарықтық жағдайдың тұрақты түрде өзгеріп отыратын құбылмалылығына тәуелді. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.
ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.
Инвестициялық портфельді басқарушылар
ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 63,76 млрд теңгеден асады.
01.02.2025ж. жағдай бойынша «Jusan Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 11,04 млрд теңге.
Компанияның негізгі инвестициялары: ҚР ҚМ МБҚ – 23,44%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 17,20%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 15,59%, РЕПО – 10,76%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары — 8,05%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,67%, шет мемлекеттердің МБҚ – 4,96%. Атап кетейік, портфельдің 70,47% теңгемен, 28,18% АҚШ долларымен, 1,36% — басқа валюталарда ұсынылған.
2025 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 16,96% болды.
«Jusan Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.02.2025ж. жағдай бойынша «Halyk Global Markets» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 4,98 млрд теңге болды.
Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: «кері РЕПО» (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 21,34%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 18,76%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 15,55%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 12,49%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,91%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 11,29%, Қазақстан Республикасындағы ұйымдар шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 2,99%.
Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 80,31%, АҚШ долларымен 19,69% тең.
2025 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 16,63% болды.
«Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.02.2025ж. жағдай бойынша «BCC Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері — шамамен 5,64 млрд теңге.
Инвестициялардың негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 24,49%, ҚР ЕДБ облигациялары – 19,11%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 15,51%, РЕПО – 12,15%, ҚР ҚМ МБҚ – 10,22%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,20%, пайлар (ETF индекстеріне) – 3,31%.
Ұлттық валютадағы инвестициялар — портфельдің 81,62%, АҚШ долларымен 18,38%.
2025 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,55% болды.
«BCC Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.02.2025ж. жағдай бойынша «Сентрас Секьюритиз» АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 1,96 млрд теңге.
ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 28,69% инвестицияланды, РЕПО – 14,56%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 14,42%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 11,39%, ҚР ЕДБ облигациялары – 9,08%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 7,85%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 5,15%.
Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 76,59%, АҚШ долларында – 22,02%, канадалық долларда — 1,38% инвестицияланды.
2025 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 15,83% болды.
«Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша «Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ «Halyk Finance» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 40,14 млрд теңгеден асты.
Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 25,39%, ҚР эмитенттерінің облигациялары – 12,33%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 11,39%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 10,59%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 10,09%, шет мемлекеттердің МБҚ – 7,42%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 7,26%, «кері РЕПО» (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 5,59%.
Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 63,10%, АҚШ долларында – 36,90% инвестицияланды.
2025 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 17,23% болды.
«Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ «Halyk Finance» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады.