Шымкент қаласында пара таеквондодан Қазақстан кубогы өтті. Бұл жарыста еліміздің әр өңірінен келген 60-қа жуық спортшы бақ сынап, өзара мықтыны анықтады.
Кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі ғимаратында өткен сайыстың ашылу салтанатында Сурдо және пара таеквондо федерациясының президенті Руслан Ишанов құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Шымкент қаласынан №19 мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт мектебінің 4 спортшысы – Артықбай Санжар (80 келі), Сатыбаллиев Айбек (57 келі), Ондасын Қасымжомарт (58 келі), Отарбаев Қайрат (70 келі) сайыс көрігін қыздырды. Бұл жарыс пара спортшылар үшін тәжірибе алмасып, жоғары деңгейде бақ сынауға үлкен мүмкіндік сыйлады.
Айта кетсек, Шымкент төріндегі ел кубогы бәсекесіне Астана және Алматы, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Абай, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының командалары қатысты.
Ж.ТҰРСЫНӘЛІҚЫЗЫ