Бүгінгі таңда тұрғындар арасында сұранысқа ие салалардың бірі – стоматологиялық көмек.
Стоматологиялық көмек кезіндегі ауруханаішілік инфекция (АІИ) дегеніміз – пациенттің денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қызметтер алуына байланысты жұқтыруы мүмкін бактериялық, вирустық, паразиттік немесе саңырауқұлақ тектес кез келген жұқпалы ауру немесе медициналық ұйым қызметкерінің осы мекемедегі жұмысы салдарынан болатын инфекциялық ауру.
Емханалардың стоматологиялық кабинеттерінде және жақ-бет хирургиясы бөлімшелерінде инфекцияның берілуінің байланыс жолы медицина қызметкерінің қолдары және ол жұмыс істейтін құралдар арқылы, әсіресе ауыз қуысында манипуляциялар кезінде жұғады. Инфекцияның ауа-тамшы жолы бормашиналардың жұмысына, әсіресе ауыз қуысында инвазивті операцияларға байланысты.
Стоматологиялық емдеу мекемелеріндегі ауруханаішілік инфекция олардың бактериялық ластануының жоғары деңгейінің пайда болуына ықпал етеді. Өйткені іріңді-септикалық аурулардың өткір немесе созылмалы түрлерімен, вирустық гепатиттермен, АИТВ-жұқтырған пациенттермен ауыратын науқастар стоматологтың қабылдауына түсуі мүмкін. Бұл жағдайда пациенттер басқа пациенттер үшін де, медицина қызметкерлері үшін де инфекция көзі болады. Сондықтан, стоматологиялық бейіндегі медициналық ұйымдарға баратын барлық пациенттерді ықтимал жұқтырған адамдар ретінде қарау керек.
Осыған орай, стоматологиялық емдеу мекемелерінде АІИ алдын алуда:
стоматологиялық кабинеттерге қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау;
стоматологиялық кабинетте эпидемияға қарсы және дезинфекциялық-стерильдеу режимдерін сақтау;
медициналық қызметкерлерді жұмысқа қабылдау ережелерін қатаң сақтау;
жеке бас гигиена ережелерін қатаң сақтау қажет.
Барлық меншік түріндегі стоматологиялық клиникалар пациентте инфекцияға күдіктену немесе расталған жағдайларда қолданылатын инфекциялардың профилактикасы үшін стандартты сақтық шараларын ұстануы тиіс.
Стандартты қауіпсіздік шаралары: қол гигиенасы, ЖҚҚ-ны пайдалану; тыныс алу ағзаларын қорғау (медициналық маскалар, FFP2 (N95) немесе FFP3 (N99) респираторлары, герметикалық көзілдіріктер, бетке арналған тұтас қорғаныш қалқандары), бір рет қолданылатын қорғаныш халаттар, бас киімдер мен бахилалар, стерильді аспаптар, таза және дезинфекцияланған беттер және үй-жайлар.
Бірреттік медициналық қолғапты әр инвазивті іс-шарадан кейін ауыстыру қажет.
Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуды есте сақтаған жөн!
Шымкент қаласы СЭБД басшы орныбасары
Турымбетова Айгул Мелесқызы