Редакция таңдауы

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ортақ міндет

Өкінішке қарай, жол-көлік оқиғаларының салдарынан жарақат алған және қаза тапқан азаматтардың саны азаймай отыр. Қазақстан Республикасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті барлық жол аппаттарын емес, тек адам жарақат алған және қаза тапқан жол-көлік оқиғаларын ғана есепке алады.

Департаменттің «Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкеп соққан жол-көлік оқиғалары туралы» есебіне сәйкес, биылғы жылдың алғашқы 4 айында Шымкент қаласы бойынша осындай 448 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 520 адам дене жарақатын алған болса, 13 адам қаза болған.

Осы ретте департамент әр жол-көлік оқиғасының себеп-салдарын зерделеді. Мысалы, жол таңбаларын сызу, жолдың жүру бөлiгiндегi таңбаларды, бағдаршамдарды немесе бейнекамераларды орнату, көше қиылыстарына интеллектуалды басқару жүйесін енгізу, түнгі уақытта жаяу жүргіншілері өткелдерін қосымша жарықтандыру секілді шаралар қолданылды. Нәтижесі біздің үйлестіруімізбен тоқсан сайын қала әкімдігінде жол қауіпсіздік мәселесі жөніндегі өткен ведомствоаралық отырыстарда құзыретті ф нақты тапсырмалар беріледі. Сондай-ақ Полиция департаментіне жол қауіпсіздігіне арналған тұрақты түрде профилактикалық іс-шараларды өткізуді тапсырылған.

Қазіргі таңда Полиция департаменті тарапынан сәуір-мамыр айларына «Қауіпсіз жол» рейдтік іс-шарасының өткізілуіне байланысты қала аумағында 448 жол-көлік оқиғасы орын алған (өткен жылдың сәйкес кезеңінде 478). Яғни -6,3%-ға төмендеген.

Тағы бір айта кетер мәселе, мопед, скутерлердің қатысуымен 4 айда 11 жол-көлік оқиғасы орын алған (өткен жылмен салыстырғанда 42). Яғни, бұл көрсеткіш 73,8 пайызға төмендеген. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде механикалық көліктерге теңестірілген, аталған бағытта полициямен сәуір-мамыр айларына «Жасөспірім» республикалық рейдтік іс-шарасының өткізілуіне байланысты жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға оң нәтиже беруде.

Өркен СЕЙІТОВ,
ҚР Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу комитеті
Шымкент қаласы бойынша
департаментінің бастығы

Соңғы жаңалықтар