Редакция таңдауы

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы тазалық шаралары тұрақты түрде жалғасын тауып келеді. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бұл жұмысқа тұрғындар белсенді түрде атсалысып жатыр.

Мәселен, бүгін Еңбекші ауданында ауқымды тазалық шаралары өтті. Атап айтқанда, №11 шағын ауданда, сондай-ақ, Цементшілер, Орманшы шағын аудандары және Қазығұрт, Қаратөбе, Жұлдыз елді мекендерінің аумақтарында сенбілік өткізілді. Сенбілікке Еңбекші ауданы әкімі аппараты қызметкерлері, “Еңбекші” КММ, “Группа Интеко” ЖШС, тұрғындар және әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері белсене қатысты.

Сенбілік барысында ағаштар мен жасыл-желектерді қырқу, шөп ору, әктеу және қоқыстарды тазалау жұмыстары жүргізілді

Соңғы жаңалықтар