Редакция таңдауы

Велосипед – сергек жандардың айнымас серігі

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби алаңында Шымкент-Ташкент веломарафонның ашылу салтанаты өтті. Жыл сайын көктемде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан велошеруге биыл еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген 100-ге жуық спортшы қатысты.

Бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға арналған іс-шараның ашылу салтанатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек пен ҚР велоспорт федерациясының президенті Райымбек Баталов сөз сөйлеп, веломарафонға қатысушыларға сәттілік тіледі.

— Мемлекет басшысы елімізде бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударып отыр. Бұл үрдіс Шымкент қаласында да жалғасын тауып келеді. Бүгінде қала тұрғындарының бұқаралық спорт және дене шынықтырумен айналысуына қолайлы жағдай жасалып, қажетті инфрақұрылым желісі дамып келеді, — деген Сәрсен Абайұлы веломарафонға қатысушыларға ақ жол тіледі.

Айта кетейік, Шымкент пен Ташкент қалаларының арақашықтығы 125 шақырымды құрайды.

А.САЙЛАУҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win