Жақында «Арофат» мектебінде
«Бастауышпен қоштасу!» атты салтанатты жиын өтті. Онда төртінші сынып оқушылары төрт жыл бойы өздерін ақылды, тату, әдепті бала болуға үйреткен алғашқы мұғалімдермен қоштасты. Бұл ұстаздар оқушыларға білім беріп қана қоймай, балаларға өздерінің сүйіспеншілігі мен қамқорлығын сыйлаған еді.
Заманауи үлгіде салынған мектепте балалардың алаңсыз оқып, білім нәрін бойына сіңіруіне барынша қолайлы жағдай жасалған.
Биыл төртінші сыныпты барлығы 99 оқушы тәмамдап отыр. Оның ішінде 30 үздік оқушы және 45 жақсы оқитын оқушы бар. Яғни, білім сапасы 70 пайызды құрайды. Барлық балалар белсенді, ізденімпаз, шығармашылыққа бейім. Олардың барлығы Отанымыздың шынайы патриоттары болып өсіп келеді.
Бастауышпен қоштасуға арналған салтанатты жиында балалар белсенді өнер көрсетті, өлең оқыды. «Менің Қазақстаным» атты сахыналандырылған қойылымда өнер көрсетіп, рокн-ролл стилінде билеп, қоштасу вальсін орындады. Аспанға түрлі-түсті шарлар ұшырып, мерекенің көркін кіргізе түсті.
Осының бәрі мектеп директоры, білім беру үздігі, «Құрмет» орденінің кавалері, Шымкент қаласының құрметті азаматы Роза Викторқызы Пак және ынтымағы жарасқан педогогикалық ұжымның еселі еңбегінің жемісі екенін айта кеткен жөн.
Шарапат ҚҰРМАНБЕКОВА,
«Құрмет» орденінің иегері, ардагер-ұстаз