Редакция таңдауы

Диснейдің «Лило мен Стичі» қазақша сөйледі

Шымкент қаласында «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының қазақ тіліндегі медиаконтентті дамыту бағытындағы ауқымды жобаларының аясында әлемдік киностудияның танымал туындысы қазақ тілінде көрерменге жол тартты. Компания TV+ платформасы арқылы Disney студиясының үздік фильмдерін қазақ тілінде ұсыну арқылы отандық цифрлық экожүйені жаңа деңгейге көтеріп отыр.

Қазіргі таңда TV+ платформасында қазақ тілді мыңнан астам фильм мен телехикая жинақталған. Бұл – еліміздегі ең ірі қазақша бейнемұрағат. Ал жыл соңына дейін бұл сан тағы 400 жаңа туындымен толығады. Олардың ішінде әлемге әйгілі The Walt Disney компаниясының соңғы жылдардағы хиттері де бар. Ең бастысы, бұл фильмдер көрермендерге қосымша ақысыз қолжетімді.

Компанияның қазақ тіліне деген көзқарасы – жай техникалық мүмкіндік емес, бұл терең стратегиялық бағыт. «Біз үшін қазақ тілін дамыту – стратегиялық бағыт. Ана тілі: мәдениет, экрандар, цифрлық орта болсын барлық жерде естілуі керек. Бұл жай фильмдер көрсетілімі емес, арман-мақсатқа жетелеу, құндылықтар мен мәдениет қалыптастыру», – дейді ұйымдастырушылар.

Осы мақсат аясында компания 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай Шымкент қаласында ерекше қайырымдылық іс-шара өткізді. Онда «Лило мен Стич» анимациялық фильмі қазақ тілінде көрсетілді. Іс-шараға 180 бала қатысты. Бұл инклюзия мен мәдени теңдікке бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.

«Өзім үш баланың анасымын, қазақ тілінде сапалы контент әлі де аз деп ойлаймын. Кейде балаларымыз түсініксіз тілде бейнематериалдар көріп отырады. Ал бұл қауіпсіздік тұрғысынан да, тілдік дамуы тұрғысынан да қолайсыз. Сондықтан қазақша сапалы фильмдер мен мультфильмдердің көбеюі – біз үшін өте маңызды. Осындай бастамалар үшін зор алғысымды білдіремін», – дейді келушілердің бірі Тұрсынгүл Қалымова.

TV+ платформасының мәліметіне сүйенсек, қазақ тілді контентке деген қызығушылық айтарлықтай артқан. Биыл қаңтар айында қазақ тілінде фильм көрген қолданушылар саны 35 мың болса, сәуірде бұл көрсеткіш 64 мыңнан асқан. Қазірдің өзінде қазақ тілді көрермендердің сүйікті туындылары қатарына «Бажа 2», «Көңілді шіркейлер», «Мулан. Аңыздың тууы» және «Тыным» сияқты фильмдер кіріп отыр.

Биыл бірінші тоқсанның қорытындысында TV+ абоненттер саны 914 848 шотқа жетіп, 504 799 үй шаруашылығын қамтыған. Тек бірінші тоқсанда қосымша 428 мың рет жүктеліп, мобильдік қосымшаны 1,5 миллионнан астам адам пайдаланған.

Маусым айына орай, «Қазақтелеком» көпшілікке арналған арнайы ұсыныс жариялады. Бұл да қазақтілді контентті қолданушылардың санын арттыруға арналған тиімді ұсыныс. Себебі қазақ тілі – ұлттың жаны. Осындай ауқымды бастамалар арқылы ана тіліміз цифрлық кеңістікте де өз орнын тауып, болашақ ұрпаққа рухани байлық ретінде жететініне сенім зор.

Ж.Тұрсынәліқызы

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win