Редакция таңдауы

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫ: ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ СЕМЕЙ ЕЛІНЕ ЭКСПЕДИЦИЯҒА АТТАНДЫ


Шымкент қаласынан Әуезов университетінен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Шымкент – Алматы – Семей» бағытындағы экспедиция жолға шықты. 19-26 маусым аралығын қамтитын экспедиция М.Әуезов атындағы ОҚЗУ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Шәкәрім университеттерінің студенттерімен бірлесе жүзеге асуда. Экспедиция мүшелерін университет басшылығы мен ұжымы салтанатты түрде шығарып салды.

–Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған бұл іс-шараның маңыздылығы өте жоғары. Студенттеріміздің Семей еліне сапары осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Осындай сапар арқылы жастардың ұлы тұлғаның шығармашылығына деген қызығушылығын және патриоттық сезімін арттыруды, олардың жан-жақты дамуын қалыптастыруға, әсіресе, ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулуды мақсат етіп отырмыз. Ол өз нәтижесін береді деген сенімдеміз. Сапарларыңызға сәттілік тілеймін, – деді университеттің Басқарма-мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ернар Иманғалиев.

Сапарға 50-ден астам студент аттанды. Бағыты: Шымкент – Алматы- Талдықорған – Қонаев – Аягөз – Семей – Аягөз – Алакөл – Талдықорған – Қонаев-Алматы – Шымкент.

Студенттер Алматы қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы ұлттық педагогикалық университеті, «Қонаев» музейі, «М.Әуезов мұражай үйі», Ұлттық Ғылым академиясын аралайды. Ары қарай Семейдегі Шәкәрім университеті студенттерімен кездесіп, тарихи-мәдени нысандар Абай ескерткіші, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі, Абайдың «Жидебай –Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі, М.О. Әуезовтің Бөрілідегі музей-үйі, Сырт Қасқабұлақ – Абайдың туған жері, Ақшоқы – Құнанбай әулеті жерленген зират, Жидебай, Күшікбай кесенесі, «Еңлік-Кебек» кесенесіне барады. Бұдан кейінгі бағытта Аягөз – Алакөл – Есік қалаларынан шығып, Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінде болады. Бір аптаға жоспарланған сапар 26 маусымда Шымкент қаласында қорытындыланады.

Соңғы жаңалықтар