Редакция таңдауы

Азаматтардың құқықтарын қорғау және азаптаулардың алдын алу – басты басымдық

Қазақстан Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау – құқық қорғау органдарының басты бағыты болып табылады.

Конституцияның 13-бабына сәйкес, әрбір азамат өз құқықтарын білуге және оларды қорғауға құқылы. Бұл қағида әсіресе қылмыстық процеске қатысты.

Қолда бар статистика бойынша, ағымдағы жылдың 8 айында қалада азаптау фактілері тіркелмеген. Мұндай оң нәтижеге қала прокуратурасының тиімді және жүйелі жұмысының нәтижесінде қол жеткізілді.

Құқық қорғау органдары:
• Азаптаулардың алдын алуға және олардың жолын кесуге бағытталған жұмысты тұрақты жүргізуде.
• Қылмыстық және арнайы мекемелерді толық бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз етті. Барлығы 3 917 бейнекамера орнатылды, олардың серверлері қауіпсіздігі қамтамасыз етілген арнайы бөлмелерге орналастырылды.
• Қала аумағындағы құқық қорғау органдарының ғимараттарында “соқыр аймақтар” толық жойылды.
• Бейнебақылау камераларын онлайн режимде бақылау мүмкіндігі енгізілді. Прокуратура қызметкерлері 22 камераны тікелей планшет арқылы бақылап отырады.

Сонымен қатар, азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында:
• Қалалық және аудандық полиция бөлімдерінде барлығы 12 ашық тергеу бөлмесі ашылды.
• Кезекші прокурорлар тәулік бойы қылмыстық қудалау органдарында тұрақты кезекшілік атқаруда.
• Тергеу әрекеттерінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін барлық кезекшілер видеожетондармен жабдықталған.

Орнатылған бейнекамералардың жұмысын құқық қорғау органдары, прокуратура және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілдері ай сайын бірлесіп тексеруде.

Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде кезекші прокурорлар 3 сағаттан артық заңсыз ұсталған 21 адамды босатты. Заң бұзған қызметкерлерге қатысты тиісті шаралар қабылданды.

2023 жылдың ақпанынан бастап азаптау туралы шағымдарды алғашқы тергеп-тексеру бойынша үш кезеңді алгоритм іске қосылды:
1. Жеткізілген және ұсталған адамдардан прокурордың жауап алуы.
2. Бұлтартпау шарасын қолдану кезінде прокурордың күдіктіден сұрауы.
3. Қылмыстық істі тоқтату немесе айыптау актісін тапсыру кезінде прокурордың қосымша жауап алуы.

Әр кезеңде азаптау фактілері бар-жоғы тексеріліп, жедел шаралар қабылданады.

Осы бағыттағы қала прокуратурасының нәтижелі жұмысы азаматтардың құқықтарын нақты қорғауға мүмкіндік беріп отыр.

Ең бастысы – әр азамат өз құқықтарын білуі және оларды қорғауды үйренуі тиіс.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы

Соңғы жаңалықтар