Шымкенттегі орталықтандырылған балалар кітапханасы жүйесіне қарасты №6 кітапхана бөлімшесінде «Сиқырлы ертегілер» ертегі үйірмесі аясында дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туғанына 220 жыл толуына орай арнайы кеш ұйымдастырылды. Кешті ұйымдастыруға №48 жалпы орта білім беретін мектептің 4-сынып жетекшісі Айсұлу Рахметова мен кітапханашы Гүлзира Алдабергенова атсалысты.
Іс-шара барысында кітапхана оқырманы Көркем Жексенбек «Түйме қыз» ертегісіне түсінік беріп, оқушылармен бірге сұрақ-жауап арқылы ертегінің мазмұнын талқылады. Ал, Айша Бегайдар «Қалайы солдат», Нұржан Сейтқұл «Шақпақтас» ертегілерінің мазмұнын баяндады. Оқушылар назарына «Ұсқынсыз үйрек» ертегісінен үзінді сахналанды.
Жиын соңында қатысушыларға Г.Х.Андерсен ертегілері негізінде жұмбақтар жасырылды. Кітапханашы Дана Сақбаева «Андерсеннің дана ертегілері» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Г.АЛИЕВА,
ОБКЖ №6 кітапхана бөлімінің меңгерушісі