Редакция таңдауы

Жаңа темір жол өткелі кептелісті азайтады

Еңбекші ауданының Момынов көшесінде жаңа темір жол өткелінің құрылысы жүріп жатыр. Маңызды нысан құрылысы 2024 жылдың желтоқсан айында басталған болатын. Қазіргі таңда бетон арқалықтарын орнату жұмыстары атқарылып, жалпы жұмыс көлемінің 30 пайызы аяқталды. Инженерлік-коммуникациялық желілер қайта жүргізілді. Аталған өткел жыл соңына дейін пайдалануға беріліп, автокөлік қозғалысы үшін ашылады деп жоспарлануда. Жоба қаланың шығыс бөлігін орталықпен тиімді байланыстырып, жол қозғалысын жеңілдетіп,  көлік кептелісін азайтуға бағытталған.

Биыл Шымкентте 342 көшеге асфальт төсеу жоспарланған. Оның ішінде 43,7 шақырым жол қайта жаңғыртылса, 17,1 шақырым жол күрделі жөндеуден өтуде. Ал 323 көшені қамтитын 201 шақырым жолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Соңғы жаңалықтар