Редакция таңдауы

Азия чемпионатынан жеңіспен оралды

Жуырда Вьетнам елінде күрес түрлерінен U17, U 23 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионаты өткен-ді. Бұл сында да шымкенттік балуандар жүлделі орындардан көрінді.

Атап айтқанда, 17 жасқа дейінгілер арасында грек-рим күресінен екі балуанымыз алтын, күміс жүлделерді иеленді. 65 келіде Досбол Шәміл биыл да өз мықтылығын дәлелдеп, құрлық чемпионатында топ жарды. Ол финалда қырғызстандық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. 92 келіде Әділет Тойшы финалда өзбек балуанынан жеңіліп, күміс жүлдені мойнына ілді.

Сондай-ақ, U 23 жасқа дейінгілер арасында Жохар Узаров күміс жүлдеге қол жеткізді. Өкінішке қарай, аса ауыр салмақта бақ сынаған ол финалда Қытай елінің өкіліне есе жіберді. Финалға дейін Өзбекстан, Вьетнам, Қырғызстан елінің спортшыларын қапы қалдырды.

Соңғы жаңалықтар