Редакция таңдауы

Начын куулар –  халықаралық турнирдің   күміс  жүлдегері

Түркияның Коджаэли қаласында еркін, грек-рим және әйелдер күресінен Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Каплан дәстүрлі халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күнінде еркін күрестен Қазақстан құрамасының еншісіне тағы екі медаль бұйырды. Шымкент қаласының балуаны Начын Куулар жүлдер атанды. 70 келі салмақта белдескен жерлесіміз финалда жергілікті балуан Хайдар Ювузға жол беріп, күміс жүлдеге ие болды.

Бұған дейінгі жарыс күндері Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алған болатын. Жалпы есепте еркін күрестен ұлттық құрама турнирді 2-орынмен аяқтады. Түркия құрамасы 1-ші орынға, Болгария құрамасы үшінші орынға жайғасты.

Тәжірибелі балуан Н.Куулар биылғы ел Кубогының жеңімпазы атанған еді. Қазіргі уақыта ол әлем чемпионатына дайындық жүргізуде.

Тағабай ҚАСЫМОВ

Соңғы жаңалықтар