Қазақстан премьер-лигасының 14-турында ел футболының алдыңғы қатарлы қос командасы — «Ордабасы» мен «Қайрат» Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда кездесті. Екі команда арасындағы бұл ойынды маусымның шешуші сәттерінің бірі ретінде жанкүйерлер асыға күткен болатын.
Кездесу басталған сәттерде екі команда сақтықпен ойнағанымен, көп ұзамай алаңда тартысты ойын басталып кетті. Жанкүйерлер қос команданың кезек-кезек жасаған шабуылдарына куә болып, әр сәтке үмітпен қарады. «Ордабасы» алаң иесі ретінде белсенді қимылдап, басымдықты қолға алуға тырысса, «Қайрат» қорғаныста сенімді ойнап, қарсы шабуылдарға шығып отырды.
Дегенмен ойын тағдырын бірінші таймда соғылған жалғыз гол шешіп қойған екен. Қонақтар есеп ашып, сол артықшылықты соңына дейін сақтай білді. Ойын нәтижесі бойынша «Қайрат» 1:0 есебімен жеңіске жетіп, турнирлік кестеде өз орнын нығайтты десек болады.
Екі команданың да жанкүйерлері өз командасының әр шабуылында қиқу салып, соңына дейін қолдау көрсетті.
С. ЖАМАЛДИНОВА