Редакция таңдауы

Аумақтық қорғаныс құрылымдары сынға түсті

Шымкент қаласында еліміздің аумақтық қорғаныс құрылымдары арасында жауынгерлік даярлық шеңберінде оқу-әдістемелік жиын өтті. Бұл іс-шара Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының биылға арналған жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес ұйымдастырылып отыр. Жиын 2–4 шілде аралығында 50120 әскери бөлімінің базасында өтті. Өңірлік қолбасшылықтар аумақтық әскерлері бөлімдерінің басшылары және аумақтық қорғаныс бригадалары командирлері арасында волейбол жарысы ұйымдастырылды.

 

Іс-шараға Аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Асқар Жоламанов, әкімдіктердің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшілері, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармаларының басшылары, сондай-ақ, аумақтық әскерлер бөлімдерінің басшылары мен аумақтық қорғаныс бригадаларының командирлері қатысты.

Аумақтық қорғаныс саласындағы өзара үйлесімділікті арттыру, жұмылдыру дайындығын жетілдіру, сонымен қатар, әскери-патриоттық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат тұтқан оқу-әдістемелік жиынның маңызы зор. Сондықтан жиынның алғашқы күні қатысушылар арасында волейболдан жолдастық турнир ұйымдастырылып, бұл дода тек спорттық жарыс қана емес, әскери қызметшілердің ауызбірлігі мен командалық рухын нығайтудың айқын көрінісіне айналды.

Жарысқа бес команда қатысты. Олардың арасында әкімдердің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшілерінен құралған команда, Шымкент қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Аумақтық қорғаныс бригадаларының командирлерінен, Әкімдіктердің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармаларының басшыларынан құралған командалар мен Шымкент қаласындағы резервтегі қорғаныс бригадасы командасы да бақ сынасты.

Тартысты өткен жарыс барысында қатысушылар өздерінің тек спорттық шеберліктерін ғана емес, сонымен қатар шыдамдылық пен жігерлерін де көрсетті. Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, олар арнайы марапаттарға ие болды.

Жадыра МҮСІЛІМ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win