Шымкент қаласының аудан аумақтарында заңсыз құрылыстардың алдын-алу, көпқабатты үйлердің аумағында құм, тас, құрылыс және инертті қоқыс қалдықтарының үйінділерін болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Әл-Фараби ауданы әкімдігі мен жергілікті полиция қызметкерлері бірлесе кезекті рейдтік іс-шараны өткізді.
Талдау жұмыстарына сәйкес, Әл-Фараби ауданы Қарасу шағынауданында бірқатар заңсыздықтар анықталған. Атап айтқанда, №65 көпқабатты үйдің тұрғындары өз бетінше, рұқсатсыз құрылыстар салып, қоқыс қалдықтарын тастаған. Аудан әкімдігінің және жергілікті полиция қызметінің өкілдері мүлік иелеріне ескерту беріп, аумақты ретке келтіруді міндеттеді.
Тұрғындар да өз кезегінде заңға бағынып, нысанды бұзу және құрылыс қалдықтарын жинау жұмыстарын жүргізді. Заң – баршаға ортақ. Қала тұрғындарын өздері тұратын аумақты абаттандыруға, қандай да бір заңсыз құрылыс жүргізбеуге шақырамыз.
Т.ДҮЙСЕНБЕКҰЛЫ