«Шымсити» саябағында Ұлттық домбыра күніне арналған кең көлемді мерекелік кеш өтті. Мерекелік іс-шара барысында қазақ халқының төл мұрасы – күй мен ән өнері кеңінен таныстырылып, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады. Бұл іс-шарада ұлттық өнеріміз ұлықталып, дәстүрлі ән өнері мектептерінің әуезді әндері шырқалды.
Атап айтқанда, қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің орындауында дәстүрлі күйлер, Батыс мектебі, Арқа мектебі, Сыр мектебі, Қаратау мектебі, Жетісу мектебі, Алтай-Тарбағатай мектебінің және қазіргі заманның дәстүрлі әндері орындалды.
«Шымқала кештері» жобасы аясында ұйымдастырылған екі күндік мерекелік іс-шаралар осылайша ұлттық мәдениетті ұлықтау, дәстүрімізді дәріптеуге бағытталды. «Жеребенің жүйрігі» атты айтыс және ұлттық домбыра күніне арналған кеш қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мөлдір КЕНЖЕБАЙ