Тұран ауданына қарасты Құлагер шағын ауданында тұрғындар көптен күткен балалар және спорт алаңшалары пайдалануға берілді. Бұл нысандар аудан тұрғындарының, әсіресе балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне және салауатты өмір салтын ұстануына сеп болады.
Алаңшада түрлі спорттық құрылғылармен қатар, балаларға арналған заманауи ойын элементтері орнатылған. Қауіпсіздік талаптарына сай бой көтерген алаңдар «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында іске асырылды.
Осыған дейін аудан аумағында бағдарлама шеңберінде 38 балалар ойын алаңшасы, 12 спорт алаңшасы және 8 кешенді алаңша салынды. Айта кетейік, жыл соңына дейін 19 балалар ойын алаңшасы мен 13 кешенді алаңша құрылысы жоспарланған.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі