Редакция таңдауы

Заң талаптары сақталмаған

Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) тарапынан Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Мекеме)  «Халықтың игілігіне» Қоғамдық бақылау» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы К.Битасовтың арызы негізінде аудиторлық іс-шара жүргізілді.

Нәтижесінде Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының «Жасыл белдеу» комуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Есиркегенов» жеке кәсіпкері арасындағы тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шартына сәйкес әр данасы 1339,30 тенгеден жалпы соммасы 6 696 500 тенгеге 5 000 түп каштан ағашы көшетін сатып алудың орнына басқа ағаш түрлерін қабылдап алғаны анықталды.

Департамент тарапынан анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы Мекемеге нұсқама және «Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті»  жолданып тиісті шаралар қолданды.

 

М.ЖАҢАБАЕВ,
Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік
аудитдепартаменті  қаржылық есептілік аудит
бөлімінің бас маманы, мемлекеттік аудиторы

Соңғы жаңалықтар