Редакция таңдауы

Еңбекші ауданында кезекті рейдтік іс-шара өтті

Шымкент қаласының аудан аумақтарында заңсыз құрылыстардың алдын-алу, жеке және көпқабатты үйлердің аумағында құм, тас, құрылыс және инертті қоқыс қалдық үйінділерін болдырмау мақсатында рейдтік іс-шаралар тұрақты жүргізілуде. Еңбекші ауданы әкімдігі мен жергілікті полиция қызметкерлері бірлесе кезекті түсіндіру іс-шарасын өткізді.

Аудан әкімдігінің және жергілікті полиция қызметінің өкілдері Писсарев, Іляев көшелері бойындағы тұрғындарға ескерту беріп, аумақты ретке келтіруді міндеттеді. Аталған аумақтағы жеке үйдің тұрғындары көше бойына өз бетінше, рұқсатсыз құрылыс қалдықтарын тастаған. Іс-шарада тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бәріне де ескерту берілді.

Тұрғындар да өз кезегінде заңға бағынып, құрылыс қалдықтарын алып тастайтындықтарын жеткізді.

Т.ҚАСЫМОВ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win