Сот шешімін орындауды жүзеге асыру барысында сот орындаушылардың қызметі өте ауқымды. Себебі, заң аясында жан-жақты іс әрекеттерді жүзеге асырып, өз қызметін көрсетеді.
ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылар мәртебесі» туралы Заңының 1-бабының 9-бөлімін, 1-тармағына сәйкес, істердің әлеуметтік маңызы бар санаты – алименттерді, жалақыны, зейнетақыларды, жәрдемақыларды өндіріп алу, өмір мен денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу туралы атқарушылық құжаттар туралы айқындалған.
Сот орындаушының атқарушылық іс жүргізу бойынша әлеуметтік маңызы бар санаттағы атқарушылық іс жүргізу орындауға келіп түскен күннен бастап ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылар мәртебесі» туралы Заңының 37-ші бабына сәйкес атқарушылық құжатты iс жүргiзуге қабылдайды. Осыған байланысты сот орындаушылардын іс әрекеті атқарушылық өндірісті қозғаған кезден бастап, ең алдымен, тараптарды атқарушылық өңдіріс қозғалғандығы туралы ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» заңының 27-бабына сәйкес атқарушылық іс жүргізудегі хабарлама және шақыру әрекет жүзеге асырылады.
ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» заңының 39-баптың 1 тармағына сәйкес, мерзімді өндіріп алу туралы атқару құжаттарын қоспағанда, сондай-ақ, заңнамалық актілермен өзгеше мерзімдер белгіленген жағдайлардан басқа, атқару құжаттары бойынша сот орындаушыларының орындауы атқарушылық іс жүргізу қозғалған күннен бастап екі ай мерзімде аяқталуы тиіс. Аталған мерзімде сот шешімін орындау үшін тиісті әрекеттерті жүзеге асыру қажет, яғни ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» заңында көзделген 55,58, 62, 65 баптарға сәйкес іс әрекеттер жүзеге асырылады.
Жауапкердің банктік шоттарына, бағалы қағаздарына прокаратураның санкция арқылы тыйым салынады, жауапкердің жылжитын және жылжымайтын мүліктерін анықтап, сот орындаушының қаулысы негізінде тыйым салынады. Сондай-ақ, жауапкерден түсініктеме, міндеттеме алынады. Қазақстан Республикасы аумағынан шығуға уақытша шектеу борышкерге (жеке тұлға, заңды тұлға басшысы (міндетін атқарушы)) уақытша шектеуді қолдану туралы тиісті түрде хабарланған күннен бастап 5 жұмыс күні өткеннен кейін қойылады.
Сот орындаушылардың әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жинақтарын өндіріп алу жағдайында әрекет ету тәртібін атап өтетін болсақ, ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» заңының 97-бабына сәйкес, Міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша әлеуметтік төлемдерді өндіріп алуға жүгіну туралы көрсетілген яғни Еңбекке қабілеттілігінен айырылу, жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерге, сондай-ақ оқушылардың стипендияларына өндіріп алу төлем көзінен ұсталатын, алименттерді өндіріп алу және мертіккеннен немесе денсаулығы өзгеше зақымданғаннан, асыраушысының қайтыс болуынан келтірілген зиянды өтеу туралы сот шешімі бойынша ғана жүргізілуі мүмкін.
Жоғарыда атап өткендей сот орындаушының басты қызметі сот шешімін орындау әлеуметтік төлемдер бойынша сот шешімінде көрсетілген санатта болса, сондай-ақ, зейнетақы жинақтарын өндіріп алу керектігін атқару парғында көрсетілетін болса сот орындаушы толық түрде орындап жоғарыда атап өткен іс-әрекеттерді жүзеге асыруға міндетті.
Сонымен қатар, сот шешімін орындау барысында ҚР әкімшілік құқық бұзушылық заңнамаға сәйкес, 669-бапта көзделген сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау туралы жауапкершілік қарастырылған. Аталған жауапкершілік бойынша сот орындаушы ұсыныс жолдайды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған сон сот шешімін орындамаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікте қарастырылған яғни ҚР «қылмыстық кодекс» 430-бабына сәйкес Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау туралы қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Жалпы қорытынды ретінде сот орындаушылардың әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жинақтарын өндіріп алу жағдайында әрекет ету тәртібін айқындап көрсеттік, яғни жауапкер мен талапкердің құқығы тиісінше сақталуы қажет. Әлеуметтік төлемдерді өндіріп алу үшін сот орындаушы өзінің құзыретіңдегі заң аясында қызметін толық көрсетеді, яғни ол үшін сот шешімі шығу қажет және оны орындау үшін атқару парағы негізінде жұмыс жоғарыда көрсетілген заң аясында жүргізіледі.
Нұржас ЖАНЗАҚ,
Шымкент қаласының атқарушылық
округінің жеке сот орындаушысы