Адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы және жұқтырылған иммунтапшылығының синдромы (АИВ/ЖИТС) — адамның иммунтапшылық вирусы (АИВ) қоздырған инфекцияның организмге әсерінен дамитын дертті жағдай. Инфекция жұқтырған адамда ешбір ауру белгілері байқалмауы не қысқа мерзімді тұмау тәрізді синдром белгілері пайда болуы мүмкін. Әдетте, инфекцияның симптомсыз кезеңі ұзаққа созылады. Ауру үдеген жағдайда адамның иммунды жүйесі әлсіреп, туберкулез секілді көп кездесетін, сондай-ақ иммунитет қызметі қалыпты адамдарда бола бермейтін оппортунис инфекциялар мен ісіктер пайда болуы мүмкін. Инфекцияның аталған кеш белгілерінің жиынтығын жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромы (ЖИТС) деп атайды. Әдетте, бұл саты адамның өте қатты жүдеуімен қатар жүреді.
Қан арқылы АИТВ-ға тексерілмеген адамның қанын құйған жағдайда немесе иньекциялық есірткі тұтынушылар бір шприцті бірнеше адам пайдаланғанда жұғады. Егер адам бір емес бірнеше адаммен жыныстық қатынасына түскен кезде жұқтыруы мүмкін. Сондықтан адамның бір ғана жыныстық серіктесі болу керек. Егер әйел жүктілік кезінде АИТВ жұқтырса, онда босану кезінде балаға АИТВ жұғады. АИТВ-ға шалдыққан адамды түр келбетіне қарап АИТВ жұқтырған деп айта алмаймыз. АИТВ инфекциясы жас талғамайды,ұлт,нәсіл, жыныс талғамайды, кезкелген адам шалдығуы мүмкін .АИТВ инфекциясы тұмау тәрізді ауа тамшылы жолмен жұқпайды,тек қана жоғарыдағы биологиялық сұйықтықтар арқылы жұғады. АИТВ инфекциясы төмендегі жағдайларда жұқпайды: сүйіскенде,қол алысқанда, тамақтанғанда,төсек жабындылары арқылы ,суға түскенде жұқпайды.
АИТВ-ны қалай анықтауға болады?
Адамның түр түсіне,келбетіне қарап АИТВ жұқтырған деп айта алмаймыз. АИТВ-ны анықтаудың негізгі әдісі ИФА әдісі арқылы қандағы қоздырғышқа қарсы денелерді анықтау. Қарсы дене дегеніміз ол организмдегі қоздырғышқа қарсы жауап ретінде пайда болатын белоктар. Егер тестілеу қортындысы оң нәтиже берсе, онда адам қанында қоздырғышқа қарсы денелер бар дегенді білдіреді,яғни АИТВ жұқтырған болып есептеледі. Адамдардың АИТВ тексерту не үшін қажет?
— Түрлі жұқпалардың алдын алып дер кезінде емдеу үшін.
— АИТВ жұқтырған жағдайда аурудың дамуын бәсеңдететін вирусқа қарсы препараттарды дер кезінде қолдану үшін.
— өзіне жақын адамдарына,туыстарына , дос-жарандарына жұқтырмау үшін
— АИТВ жұқтырған анадан балаға жүктілік,босану,емізу кезінде алдын алу үшін .
Соңғы кездері жыныстық жолмен жұғу жолдары кең етек алып жүктілік кезінде АИТВ жұқтырғандардың көбейуіне байланысты , 2021 жылдың қаңтар айынан бастап жүкті әйелдердің жыныстық серіктестері де ( күйеулері ) АИТВ-ға тексерілу бұйрықпен бекітілді. Әрбір адам өзінің АИТВ статусын білуге құқылы. Ол үшін емдеу алдын алу мекемелеріне АИТВ- ға тексерілу тегін жүргізіледі
Нұрислам СЕЙІТҚҰЛОВ, «Студенттік емхана»
ЖШС-нің жалпы тәжірибелі дәрігері