Редакция таңдауы

Шымкент – ел демографиясының сенімді тірегі:

Шымкент қаласы – ел демографиясының сенімді тіректерінің бірі. Қазақстанның ірі мегаполистерінің арасындағы ең жоғары туу көрсеткіші қаламызда тіркеледі. Мың адамға шаққандағы туу көрсеткіші бойынша ел өңірлері арасында Шымкенттің алдыңғы қатарда екенін мақтанышпен айта аламыз. Жыл сайын қалада 30 мыңнан астам сәби дүние есігін ашады.

Шаһардағы демографиялық ахуалдың жақсы екенін егіздер мен үшемдердің жиі дүниеге келіп жатқанынан да байқауға болады. Мәселен, жақында  Шымкент қалалық перзентханасында дүниеге келген үшем – қыз және екі ұл анасымен бірге аман-есен үйге шығарылды. Жүктіліктің 31-ші аптасында туылған нәрестелердің салмағы — 975 гр., 1765 гр. және 1920 гр. болды. Олар бірнеше минут айырмашылықпен туылды.

Екі айға жуық уақыт сәбилер мен 39 жастағы анасы дәрігерлердің жіті бақылауында болып, қажетті ем шараларын қабылдады. Қазір барлығының жағдайы жақсы.

Үшемді дүниеге әкелген қала тұрғыны Якубова Фатима
Шамсутдиновнаның бұл екінші босануы. Нәрестелерге Мерием, Расул, Гамзат есімдері таңдалды. Бүгінде үшемнің салмағы – 2050 гр, 2950 гр және 3400 грамға жетті. Ерлі-зайыпты Фатима мен Зухрейдин енді төрт баланың ата-анасы атанды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win