
Әл-Фараби⠀атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай «Ата заңым – айбыным» атты кітап көрмесі өтті. Көрмеге қала жастары, студенттер қатысты. ⠀
⠀
Жиын жастарға еліміздің Ата заңын,⠀өзге де құқықтық құжаттарын таныстырып, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік пен патриотизмді, Қазақстан азаматтарының бірлігін таныту мақсатында қолға алынған.⠀
Көрмеге «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген «Қазақтың ата заңдары» 10 томдығы, Әз Тәукенің «Жеті жарғы» заңдар жинағы, Ә.Қопабаевтың «Ата заң – мемлекет дамуының іргетасы», М.Нәрікбаевтың «Ақиқаттың ақ жолы», М.Матаеваның «Конституционная история Казахстана и стран Центральной Азии XX века» еңбектері қойылды. ⠀
⠀
Сондай-ақ жиын барысында Конституцияның рөлі, халық пен билік құрылымдары⠀арасындағы қарым-қатынас, қоғам алдындағы жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» арқылы қазақ тарихындағы құқық, жауапкершілік, жаза қолдану шешімдері қалай⠀қабылданғаны баяндалды. Мерзімді басылымдар мен құқық жайлы кітаптарға шолу жасалды.
