Редакция таңдауы

Заң үстемдігін қалыптастыруда ата заңның рөлі айрықша

Кез келген мемлекеттің қалыптасу тарихына үңілсек, оның негізі белгілі бір кеңістікте өмір сүріп жатқан халықтың ортақ мұратқа ұмтылып, бір мақсат жолында бірігуінен басталатыны анық. Халық өз тағдырын өз қолына алып, бір тудың астына топтасқанда ғана елдің іргесі бекиді, мемлекеттіліктің негізі қаланады.

Алайда, ел болып қалыптасу жеткіліксіз, бұл үшін дамудың айқын бағдары, берік жолы болуы шарт. Осы орайда халқымыздың: «Кеме баратын жерін білмесе, қайыққа мінудің қажеті жоқ» деген терең мағыналы нақылы еске түседі. Елдің қайда бет алатыны, қандай жолмен жүретіні – ұлттың тағдырын айқындайтын басты мәселе.

Осы бағыт пен меженің айқын көрінісі – Қазақстан Республикасының Конституциясы. Ата Заң – жай ғана заңдар жиынтығы емес, бұл – ел дамуының стратегиялық бағдары, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасын жүйелейтін негізгі құжат.
Конституция – әділет пен парасаттың, тұрақтылық пен татулықтың темірқазығы. Бүгінде біз бейбіт, тұрақты әрі келісімге негізделген қоғамда өмір сүріп келеміз. Бұл – Конституцияның  өміршеңдігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Ата Заңның әрбір бабы – ел болашағына бағдар берген даналық пен көрегендіктің жемісі. Мәселен, оның бірінші бабында Қазақстан өзін «демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет» деп жариялаған. Бұл – құр ұран емес, еліміздің даму бағыты мен болашағының берік негізі. Бекітілген қағидалар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылады. Ел ішінде әділет салтанат құрып, заң үстемдігінің орнауы – Конституцияның өмірлік маңызының бір айғағы.

Мемлекеттегі барлық заңдар мен құқықтық актілер дәл осы Конституция негізінде әзірленіп, жүзеге асырылады. Биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының үйлесімді жұмысы – билік бөлінісінің басты ұстанымы. Бұл жүйе демократиялық қоғам құрудың басты алғышарты болып саналады.

Жергілікті басқару деңгейінде де осы ұстаным көрініс табады. Мәслихат, әкімдік пен халық арасындағы көпір. Олардың үйлесімді жұмысы өңірдің дамуына, халықтың ұсынысына дер кезінде жауап беруге және мемлекеттік саясатты тиімді жүргізуге ықпал етеді. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Мәслихат депутаттары мен әкімдердің бірлесе жұмыс істегені жөн. Өйткені оларды мемлекеттің жергілікті жердегі қос тірегі деуге болады» – деп атап өтіп, зор міндет жүктеді.

Бұл жүйе басқарудың тиімділігін арттырып қана қоймай, халықтың сенімін нығайтады, ел мүддесіне сай әділетті шешімдердің қабылдануына жол ашады.

Осы тұрғыда халыққа адал қызмет ету, әділдік пен заңдылықты сақтау – әрбір мемлекеттік қызметкердің басты парызы әрі ардақты міндеті. Ел сенімін арқалаған азаматтардың бойынан табылуы тиіс қасиет.

Конституция – қоғам өмірінің қозғаушы күші, ал оның тұрақтылығы – ел ертеңінің кепілі. Заман талабына сай жаңғырып, өзгеріп отырса да, Ата Заң өзінің басты құндылықтары мен қағидаттарын берік сақтап келеді.

Бүгінде Қазақстан – өзіндік жолы бар, салмағы мен сөзі мығым, әлемдік қауымдастықта орны нық, беделді мемлекет. Мұның бәрі – елдік пен бірліктің, әділет пен тұрақтылықтың нәтижесі.

Бірлігіміз бекем, болашағымыз баянды болсын!

Мереке құтты болсын!

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ,
Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы

Соңғы жаңалықтар

// DEBUG: Processing site: https://shymkala.kz // DEBUG: Panos response HTTP code: 200 online casino real money online casino real money online casino real money online casino real money online casino real money online casino real money online casino real money online casino real money online casino real money online casino real money