Редакция таңдауы

Шекарашылар  33 жылдығын атап өтті

Конституцияның 30 жылдығына орай ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 33 жылдығына арналған мерекелік салтанатты іс-шара өтті. 18 тамыз – ел тыныштығы үшін күні-түні күзетте тұрған шекарашылар күні. «Шымсити» саябағындағы сахналық алаңда ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің шекарашылары мерекені ерекше атап өтті.

Іс-шарада ұлттық әскери-патриоттық әндер шырқалып, абыройлы қызмет атқарып жүрген азаматтар түрлі марапаттарға ие болды. Жиын барысында шекара қызметінің ел үшін маңыздылығы және батыр қолбасшылар туралы деректер айтылды.

ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшылығы барша шекарашыларды мерекемен құттықтап, бірқатар әскери қызметшілерге Грамоталарды табыс етті.

1992 жылдың тамызында ҚР Президентінің Жарлығымен Шекара әскері құрылды. Содан бері олар елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігін сақтауда абыройлы қызмет атқарып келеді.  Мемлекеттің шекарасын күзету әр адамның, әр азаматтың міндеті. Өйткені бірінші мемлекет шекарадан басталады.

Айта кетсек, бүгін Абай саябағында шекарашылар қарулас достарын еске алды.

Т.ДҮЙСЕНБЕКҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win