Редакция таңдауы

Отбасы құндылығын дәріптеген байқау өтті

ҚР Конституциясының 30 жылдығының қарсаңында Шымкент қаласында отбасылық құндылықтарды ұлықтап, салт-дәстүрді дәріптеуге арналған ерекше жиын өтті.

«Әзіл-сықақ және сатира» театрына жиналған көрермендер ұлттық тәрбиенің мәйегіндей болған әжелер мен инабатты келіндердің өнеріне куә болды. «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» ұйымдастырған «Есті ене, көргенді келін» байқауы дәстүр мен тәрбие сабақтарын жаңғыртты.

Ата Заңның 30 жылдығындай айтулы мерекенің қарсаңында өткен бұл байқаудың басты мақсаты – ұмыт бола бастаған ата-баба жолын қайта жаңғыртып, ұрпаққа өнеге ету. Себебі, әулеттің берекесі – ананың ақылында, келіннің ибасында, ененің даналығында. Осыны айшықтай білген қатысушылар сахна төрінде өз өнерін ортаға салып, көпшілікке ұлттық тәрбиенің шынайы үлгісін көрсетті.

Шымкенттің бес ауданынан жиналған әжелер мен келіндер жарыс барысында ән айтып, салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап берді, тағам әзірлеп, отбасындағы сыйластықтың мәнін айшықтайтын көріністер қойды. Бірі қонақ күту әдебін көрсетті, енді бірі тосыннан туған жағдайға тапқырлықпен жауап қатты. Әжелердің тәлімді сөзі мен ақыл-кеңесі, келіндердің ибалы мінезі мен өнері көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Көрер залда отырған көпшілік ата-баба дәстүрінің әлі күнге өзектілігін сезініп, «келіннің көркі – ибасы, әженің көркі – даналығы» дегенді іштей мойындады. Байқаудың әр кезеңінде отбасылық тәрбие мен ұлттық құндылықтың өлшеусіз маңызы айқын көрініп тұрды.

Шара соңында оза шапқан қатысушылар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс хат берілді. Көпшілік үшін бұл күн тек қана байқау емес, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүріміздің тағы бір қайта жаңғыруына себеп болған мерейлі сәт ретінде есте қалды.

Гүлжауһар БАЖАҚАЙ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win