Редакция таңдауы

Экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызы зор

Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында кезекті кең ауқымды тазалық шаралары өтті. Қала аумағында ұйымдастырылған сенбілікке коммуналдық мекеме қызметкерлері, мемлекеттік орган өкілдері мен қала тұрғындары белсенді қатысты.

Алғашқы жұмыстар Тұран ауданы, Құрсай шағын ауданында басталды. Мұнда мал базары аумағы, мұсылман және христиан мазараттарының төңірегінде қоқыстар жиналып, тас жол бойы тазартылды.

Тазалық жұмыстарына Тұран ауданы әкімі аппаратының қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің басшысы Дәурен Балғанов арнайы қатысып, шараның маңыздылығына тоқталды

– Бүгін бұл аумақтағы тазалық жұмысына  200-ге жуық адам жұмылдырылды. Олардың қатарында коммуналдық мекеме қызметкерлері, аудан әкімдігі қызметкерлері, әлеуметтік нысандардан келген мамандар және жергілікті тұрғындар бар. Сенбілікке қаланың әр аумағынан да қолдау көрсетіліп жатыр. Жалпы қаладағы сенбіліктерге 700-ге жуық адам мен жиырмадан астам техника тартылды.
Бұл–Шымкентті таза әрі көрікті қалаға айналдыру жолындағы маңызды қадам, – деді ол.

Сенбілік тек Құрсайда ғана емес, қаланың өзге аумақтарында да жалғасты. Денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, цифрландыру, мемлекеттік сатып алу және жұмылдыру басқармаларының қызметкерлері, сондай-ақ, аудан тұрғындары белсенділік танытып, қаланың ішкі көшелерін тазалады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай экологиялық акциялар тұрақты түрде жалғасып отырады. «Таза Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты да сол, тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға, қала ауасын таза ұстауға және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақыруға бағытталған.

Жадыра МҮСІЛІМ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win