Редакция таңдауы

Бұл турнирден болашақ чемпиондар шыңдалып шығады

Шымкент төрінде мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир бастау алды. Тұңғыш рет ұйымдастырылған айтулы  жарыста Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Моңғолия және Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 650-ге жуық жас татами шебері бақ сынады.

Бұл жарыс – жас буынға үлгі, спорт сүйер қауымға мереке, ал, көрермен үшін нағыз тартысты да қызықты спорттық сайыс болды. Халықаралық турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Ермек Дәрменов турнир жасөспірімдер үшін нағыз мереке екенін атап өтіп, жарысты ашып берді. Осы сайыстан келешекте ел намысын абыроймен қорғайтын азаматтар шығатынына сенім білдірді.  Сондай-ақ, жарыстың құрметті қонақтары – қоғам қайраткері Шәріпбек Жамалбек, Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов, қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев та өз құттықтауын жеткізді. Аталған бәсеке ертең аяқталады.

Дзюдо спорты соңғы кезде елімізде қарқынды дамуда. Былтыр Парижде өткен Олимпиада ойындарында Елдос Сметов алтын, Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге ие болды. Жарқын жеңіс жасөспірімдерге зор серпін берген. 2024 жылы жерлесіміз Талғат Орынбасар Душанбеде (Тәжікстан) өткен дзюдодан жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған еді. Шымкент қаласында дзюдо күресінен дарынды жастар өсіп келеді. Халықаралық турнир де келешекте дарынды жастардың шығуына өз септігін тигізбек.

Т.ДҮЙСЕНБЕКҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win