Редакция таңдауы

«Бақытты отбасы – бақытты ел»

Елімізде ҚР Ішкі істер министрлігінің жоспарына сәйкес, 27 тамыз-10 қыркүйек аралығында «Бақытты отбасы – бақытты ел» атты акциясы өтіп жатыр.

«Бақытты отбасы – бақытты ел» республикалық акциясы аясында отбасы құндылықтарын, тұрақтылық пен татулықты дәріптеу арқылы қоғамның дамуына, құқықтық сауатты арттыруға күш жұмылдырылып отыр.

Полиция қызметкерлері тек қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, өз отбасы мүшелеріне қамқорлық танытып, олардың қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтауға міндетті. Себебі, мықты мемлекеттің негізі – мықты отбасы.

Отбасы – рухани тірегіміз, тәрбие мен тағылым ордасы. Жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім мен құқықтық сауаттылықты қалыптастыру – отбасынан бастау алатын маңызды үрдіс. Осы бағытта ішкі істер органдары қызметкерлерінің өз отбасы мүшелеріне үлгі бола білуі – қоғамдағы сенімділікті арттыра түседі.

Акция аясында полиция қызметкерлерінің шымкенттік отбасыларға жүргізетін профилактикалық түсіндірме жұмыстары және тәрбиелік шаралар азаматтар арасында оң нәтиже беріп, қоғамдық бірлікті нығайтады деп сенеміз.

Шадияр ПАИЗОВ,
Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚБ
Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа
қарсы күрес бөлімшесінің бастығы, полиция майоры

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win