Редакция таңдауы

11 Әлеуметтік нысан күрделі жөндеуден өтті

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес соңғы үш жылда елімізде 1300-ге жуық мектеп реновацияланады. Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласында ағымдағы жылы 9 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары, 1 білім нысанының жылыту жүйесін жаңарту және 1 балабақшаны жөндеу жоспарланған.

Бүгінде жоспарға сәйкес бірқатар әлеуметтік нысандарда күрделі жөндеу жұмыстары толық атқарылды. Атап айтқанда: Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернатның Б, В, В1, В2, М, Д, Д1, Д 2, Д 3 оқу ғимараттары, Ө.Жолдасбеков атындағы № 9 IT лицейі ғимараты, Ақпан батыр атындағы» №10 жалпы орта мектеп ғимараты, Мукими атындағы №13 жалпы орта білім беретін мектеп ғимараты, Ө. Жәнібеков атындағы №19 жалпы білім беретін орта мектеп жылу жүйесі, Жамбыл атындағы №26 мектеп-гимназия ғимараты, № 75 мектеп-гимназия ғимараты, № 99 мектеп-гимназия ғимараты, Хамза атындағы №108 жалпы білім беретін орта мектеп ғимараты, № 109 жалпы білім беретін орта мектеп ғимараты және №97 балабақша ғимараты.

Мектептер заманауи талаптарға сай күрделі жөндеуден өтіп, жаңартылды. Ғимараттардың қауіпсіздігі күшейтіліп, тартымдылығы арта түсті.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win