Редакция таңдауы

Әрбір жұмыс сапалы әрі уақтылы орындалуы тиіс

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланың тыныс-тіршілігімен тікелей танысып отыру үшін шаһарды тұрақты түрде аралайтыны белгілі. Шаһар басшысы сол арқылы мекемелер мен ұйымдардың жұмысын, мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан нысандардағы жұмыстың мерзімі мен сапасын, мегаполистің тазалығы мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасалуын өз бақылауында ұстайды. 

Осы аптадағы аралау барысында Ғ.Сыздықбеков Тұран ауданындағы №6 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды. Жуырда ғана күрделі жөндеу жұмысы аяқталған орталықта 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі және психоневрологиялық сырқаты бар балаларға арнаулы көмек көрсетіледі.

Қазіргі таңда орталықта 140 бала стационарлық, 100 бала жартылай стационарлық жағдайда қызмет алып отыр. Қала әкімі мердігер ұйымға анықталған кемшіліктерді жоюды, ал, орталық басшылығына аумақты көгалдандыруды тапсырды.

Әрі қарай шаһар басшысы Елтай тұрғын алабында салынып жатқан сервистік орталықтың құрылысымен танысты. Мұнда халыққа шұғыл көмек көрсету үшін жедел жәрдем, полиция және қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне арнайы орын қарастырылған.

Ғабит Әбдімәжитұлы мердігерге жұмыстың сапасы мен мерзімін қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ нысанды уақытында пайдалануға беру тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруі үшін аса маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Ғ.Сыздықбеков Еламан шағын ауданындағы Амур аға және Көкжелек көшелерінде жүріп жатқан жол құрылысының барысын тексерді. Жобаның жүзеге асуы аудандағы көлік инфрақұрылымын жақсартып, тұрғындарға ыңғайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Ал, сейсенбі күнгі аралау барысында қала әкімі «Тұран» шағын ауданындағы Дастан, Шырайлы, Өсиет, Қыран және Байжігітов көшелерінде жүргізіліп жатқан жол жұмыстарын және «Бозарық» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын тексерді. Мердігер ұйым өкілдеріне жұмысты белгіленген мерзімде сапалы және құрылыс нормаларына сай аяқтау маңызды екенін атап өтті.

Әрі қарай шаһар басшысы Әл-Фараби ауданында №2 жеңіл атлетика мен велосипед спортынан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне тиесілі көпфункционалды ашық алаңның құрылысын қарап шықты. Жаңа спорт кешені спортшыларға жүгіру, ұзындыққа секіру, найза, балта және диск лақтыру, ядро серпу сияқты жаттығулармен айналысуға және велоспорт бойынша жаттығулар өткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Ғабит Әбдімәжитұлы Жангелдин көшесінің ағымдағы жағдайын, бірқатар кәсіпкерлік нысандарды және Жангелдин мен Быковский көшелеріндегі жаңа қоғамдық кеңістік салуға арналған аумақты тексерді. Жауапты тұлғаларға сауда орындарын заң талаптарына сәйкестендіру, қасбетін бірыңғай дизайн-кодқа сай келтіру және тұрғындарға қолайлы нысандардың жобасын дайындау міндетін қойды.

Бұдан бөлек қала әкімі Бекет Батыр көшесіндегі аллея бойында асфальт жамылғысын ауыстыру барысын да тексерді. Мердігерге барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды, ал, аудан әкіміне жарықтандыруды реттеу, қосымша қоқыс жәшіктерін орнату және Диваев көшесіндегі қоғамдық кеңістіктегі балалар ойын жабдықтарын қалпына келтіруді тапсырды.

А.САЙЛАУҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win