Редакция таңдауы

Балаларға қуаныш сыйлады

Жақсылық жасау – адамды биіктететін асыл қасиет. Қайырымдылықтың мәні – мұқтажға қол ұшын созып, жүректерге қуаныш сыйлау. Әсіресе, бала жүрегін шаттыққа бөлеу – ең үлкен сауапты іс. Осы игі дәстүрді жалғастыра отырып, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Respublica» партиясының филиалы жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп жасындағы балаларға қолдау көрсету, олардың жаңа оқу жылына толыққанды дайындалуына мүмкіндік жасау.

Акция мерекелік көңіл-күйге толы болды. Аниматорлар балаларды қызықты бағдарламасымен қарсы алып, би мен ойын ұйымдастырды. Салтанатты жиын барысында қонақтар жүрекжарды тілектерін білдіріп, балалардың қуанышын бірге бөлісті.

Шараға «Respublica» партиясы Шымкент филиалы әйелдер қанатының төрайымы Нилуфар Сайдуллаева, ҚХА жанындағы қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева, сондай-ақ, партия мүшелері мен қоғам белсенділері қатысты.

Акция аясында 70-тен аса оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар табысталды. Арнайы ұйымдастырылған мерекелік бағдарлама барысында балаларға сыйлық беріліп, жаңа оқу жылына жақсы тілектер айтылды.

— Бала қуанса – әлем қуанады. Бүгінгі шара арқылы балаларға қамқорлық пен мейірім сыйлау – бәріміздің ортақ міндетіміз. Бұл – болашақ ұрпаққа жасалған инвестиция, – дейді ұйымдастырушылар.

С.ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win