Редакция таңдауы

Жаңа маусымның шымылдығын «Мейірбан қасқыр» ашады

Шымкент қалалық қуыршақ театры 43-маусымын Виктор Орловтың «Мейірбан қасқыр» ертегісімен ашпақ. Театр шымылдығы 5-қыркүйек күні түріліп, ертегі қазақ-орыс тілдерінде сахналанады.

Өнер ұжымы қойылымдар арқылы ұлттық құндылықтарды ұлықтап, ұлтжанды, өнерге құштар  ұрпақ тәрбиелеу жолында тынымсыз еңбек етіп келеді. Бүгінде театр қоржынында 50-ден астам қойылым және осы спектакльдер үшін жасалған  500-ден астам қуыршақ бар.

Қуыршақ театры өткен маусымда жоспарланған барлық шығармашылық міндеттерін жоғары деңгейде атқарып, кішкентай көрермендеріне 4 жаңа қойылым ұсынды. Театр Астана қаласында еліміздің театрларымен қатар Англия, Испания, Түркия, Өзбекстан, Тайланд, Қытай, Австрия, Грузия елдерінің өнер ұжымдарының қатысуымен өткен IV халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлар фестивалінде «Қожа мен спорт» қойылымын сахналады. Нәтижесінде өнер ұжымы  «Үздік актерлік ансамбль» номинациясын жеңіп алып, Астана қалалық мәдениет басқармасының дипломын иеленді.

Жаңа маусымда сахналанатын «Мейірбан қасқыр» («Добрый волк») қойылымында қу түлкі мен қасқырдың, сондай-ақ алтын жұмыртқалайтын тауықтың басынан кешкен оқиғасы баяндалады. Қу түлкі айламен тауықты қолға түсіруге тырысса, қасқыр мейірімі мен қамқорлығымен балаларға үлгі болады. Өнер ұжымы мейірбан қасқырдың әрекеті арқылы отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілікті арттыруға, бүлдіршіндердің бойына мейірім, жүрегіне ізгілік ұялатуға ниетті.

Қуыршақ театры 5-қыркүйек күні кішкентай көрермендерді театрдың  жаңа маусымының ашылуына шақырады.

З.АЛДАБЕРГЕНОВА

Соңғы жаңалықтар

betwinner melbet megapari megapari giriş betandyou giriş melbet giriş melbet fenomenbet 1win giriş 1win 1win